Page 19 - 7.1.1
P. 19
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Нәтиже сабақ special-edu.kz.
1-тапсырма. 1. Мәтінді оқып, көшіріп жаз.
Аққу
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Көктемде Жайық өзенінің жағалауына аққулар қос-
қостан ұшып келеді. Біздің киіз үйіміз көк шалғында
тұр. Мен далаға шығып, аққудың сыбызғы үні сияқты
даусын тыңдаймын.
Келесі күні таңертең ерте оянып, тысқа шықтым.
Өзенге қарай бардым. Өзеннің жағасында жүрген бір
аққуды көрдім. Оның аяғына қармақ кіріп кетіпті. Мен
жалма-жан көйлегімді шешіп тастап, аққудың қасына
келдім. Аққу қанатымен су сабалап, сыңсыды. Оның
аяғы қатты ауырған сияқты. Мен оның аяғынан ұстап,
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
қармақтан босаттым. Аққу маған рақмет айтқандай, бір
рет даусын қатты шығарып, арғы беттегі өзінің тобына
қосылды.
(Б. Тұрлиев)
2. Қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жаса.
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып,
жазып шық. Олардың дауыссыз дыбыстың қай түрі екенін ажыра-
тып айт.
1. Ермек жа...ғы дема...ысты күтті. 2. Ауыл...а ба...ы
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
бар. 3. Онда ал...а, ө...ік ағаш...ары отырғызылған.
4. Ер...ек көк жорғаға мі...ді. 5. Торға...лар ән салып сай-
ра...ы. 6. Қарт Ермек...і өзі...е жа...ын тар...ты.
3-тапсырма. Мақалды көшіріп жаз. Дауысты дыбыстың астын
бір сызықпен, дауыссыздың астын екі сызықпен сыз.
Ана алдында – құрмет,
Ата алдында – қызмет.
17
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.