Page 22 - 7.1.1
P. 22

special-edu.kz.
 special-edu.kz.




                   Сөз буынға бөлшектенеді. Мысалы: жол, өр-кен, кө-                             special-edu.kz.
               бе-лек. Сөздердің буын саны дауысты дыбыстарға бай-
               ланысты. Мысалы, жол деген сөзде бір ғана дауысты
               дыбыс бар, сондықтан онда буын да біреу; өркен деген
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
               сөзде екі дауысты дыбыс бар, сондықтан екі буын бар.
               Дауысты  дыбыс  жеке  тұрып  та,  дауыссыз  дыбыспен
               тіркесіп те буын құрай алады. Мысалы: ы-дыс, а-па,
               е-гін-ші-лік.



                       2-тапсырма. Сөздерді оқы. Сөздерді үлгі бойынша жаз.

               Үлгі:  Бір буынды сөз:   Екі буынды сөз:  Үш буынды сөз:
                                ер                   ал-ша           қар-лы-ғаш
                 Кітап, қарындаш, үн, ертегі, қарлығаш, ін, ене, кұлып,
             тал, алша, лашын, ер, анар, жиек, торғай, қымыран, көр-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             пе, ыдыс, өлең, көбелек, текемет, ата, тоғай, су, бұлақ,
             аспан, кереге, шалғы, тірек, шапан, қызғалдақ.


                       3-тапсырма. Мәтінді оқып, көшіріп жаз. Қарамен жазылған
             сөздерді буынға бөліп жаз.
                                    Денсаулық – зор байлық

                 Адам денсаулығы – баға жетпес байлығымыз. Сол се-
             бепті халқымызда «Денсаулық – зор байлық» деген қа-
             натты сөз тегін айтылмаған.
                 Денсаулық саласына озық технологиялар енгізілді, ем-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             ханалар мен ауруханалар жаңа заман талабына сай жаб-
             дықталып жатыр.
                 Қазір  адамдар  спорттың  пайдалы  екенін  біледі,  сон-
             дықтан спортпен көп шұғылданады. Олар түрлі спорттық
             жарыстар  мен  іс-шараларға  қатысады.  Қазіргі  жастар
             дұрыс тамақтану, ағзаны шынықтыру, тазалықты сақтау
             керектігін жақсы біледі.
                 Салауатты өмір сүру салты адамның негізгі қағидасы-
             на айналған.

             20
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27