Page 87 - 7.1.1
P. 87

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                 Жалпылау есімдігі                                               special-edu.kz.



             Жалпылау,  жинақтау  мағыналарын  білдіретін
          есімдіктің түрі жалпылау есімдігі деп аталады. Жал-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
          пылау  есімдігіне  бәрі,  барлық,  бар,  барша,  бүкіл,
          бүтін, түгел деген сөздер жатады.
             Мысалы:  1.  Бар  ойы  –  өлең  айтып,  ән  сала-
          йық. (Абай) 2. Бір ғылымнан басқаның Бәрі де кесел
          асқанға... (Абай)


                 1-тапсырма. Сөйлемдерді оқы, жалпылау есімдіктерін теріп
        жаз.

            1. Ол ақырында бәрін де жеңіп, еңбек зейнетін көріп
        отыр. 2. Бүкіл ауыл Қазының төрт қанат киіз үйіне жи-
        налды,  бәрі  де  көңілді.  3.  Оның  басына  төнген  қиын-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        шылықтардың бәрінің артта қалғанына шүкіршілік ай-
        тып  қояды.  4.  Жұмыс  тоқталып,  ер-азамат  тегіс  үйде
        отырған. 5. Барша жұрт ұйқысын қандырып, жаңа ғана

        тұрған кез екен. 6. Біреу кіріп, біреу шығып сапырылы-
        сып жатыр. Барлығы да таныс жандар.
                                                                       (М. Мағауин)

                 2-тапсырма.  Сөйлемдерді  оқып,  есімдіктердің  мағынасын
        анықтап, астын сыз.

            1. Қазақстан Республикасының барлық халқы тату-тәт-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        ті өмір сүріп жатыр. 2. Оның барлық іске сабырмен, ақыл-
        мен,  адалдықпен  қарағаны  көрініп  тұр.  3.  Осылардың
        бәрін өзіңнен артық көріп сүйе біл, туған еліңнің даңқын
        арттырып оқи бер, еңбек ете бер. 4. Мереке күні бар жұрт-
        тың көңілі көтеріңкі болады.

               3-тапсырма. Жалпылау есімдіктерін есіңе түсіріп, жалғасты-
        рып жаз.

            Барлық, ... , ... .

                                                                                    85
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92