Page 84 - 7.1.1
P. 84
special-edu.kz.
special-edu.kz.
5-тапсырма. 1. Мақалды оқып, мағынасын түсініп ал. special-edu.kz.
1. Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет.
2. Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
2. Қарсы мәндес сөздердің астын сыз.
6-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп, сын есімдердің астын
сыз, оларға ауызша сұрақ қой.
Жас сәбидің дүниеге келу құрметіне жасалатын той
шілдехана деп аталады. Той күні нәрестеге ат қойыла-
ды. Жас бөбекті бесікке салып, тербетіп отырып анасы
бесік жырын айтады. Баланы бірінші рет бесікке ең жасы
үлкен кісі бөлейді. Қазақтың бесікті құрметтейтіні сон-
шалық, атасы жатқан бесікке кейде немересі жатады.
Кезінде қазақтың туған жерді алтын бесік деуі де осы-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
дан болар. Сондықтан да бесік тойы қазақ өмірінде үлкен
орын алды.
7-тапсырма. Мына сөздерді көшіріп жаз. Сын есімдердің
түрін ажыратып, астын сыз.
Сары, ала, қызыл, көк ала, қара ала, кермек, жұпар.
8-тапсырма. Өлеңді жаттап ал, сын есімдерді тап.
Өрнек ою
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Әсем етіп көрнекті
Ою үшін өрнекті –
Ақыл алғыр, ой сергек,
Болу керек қол да епті.
82
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.