Page 85 - 7.1.1
P. 85

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                              Есімдік туралы түсінік                                             special-edu.kz.


             Есім сөздерді (зат есім, сын есім, сан есімді) ауысты-
          рып, солардың орнына жүретін сөздер есімдіктер деп
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
          аталады.
             Марат қалаға келе жатыр. Автобуста ол Талғат-
          пен кездесті. Олар қалаға келгенше әңгімелесіп келді
          деген сөйлемдердегі ол сөзі Марат деген зат есімнің
          орнына қолданылса, олар сөзі Марат, Талғат деген
          зат есімдердің орнына қолданылып тұр.
             Есімдіктер мағынасы мен қызметіне қарай жеті топ-
          қа бөлінеді:
             1.  Жіктеу  есімдіктері  2.  Сілтеу  есімдіктері  3.  Сұрау
          есімдіктері 4. Өздік есімдіктер. 5. Белгісіздік есімдіктер.
          6. Болымсыздық есімдіктер. 7. Жалпылау есімдіктер.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             Есімдіктер мыналар: мен, біз, сіз, сен, ол, өзі, кім?
          не? неше?, қанша? қашан? қандай? қайда? бұл, осы,
          бәрі, бар, барлық, түгел, біреу, әркім, бірдеме, бірне-
          ше, ештеңе, ешкім.


                 1-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп, есімдіктердің астын сыз.

            1.  Біз  бояумен  жұмыс  жасадық.  Мен  бояуды  сумен
        араластырдым. Сен сурет салдың. Сіз ненің суретін сал-
        дыңыз? Сіз жылқының суретін салдыңыз. Барлық бала-
        лар жақсы жұмыс жасады. 2. Мен күні бойы компьютер-
        мен жұмыс жасадым. 3. Бұл кітап өте қызық. 4. Менің
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        мектебім көрініп тұр. 5. Олар қайдан келді? 6. Ол жай-
        лауға кетті.

                 2-тапсырма.  Көп  нүктенің  орнына  сұрау  есімдіктерін  қо-
        йып, сөйлемдерді көшір.
            1.  Дүкен  ...  ашылады?  2.  Мына  ойыншық  ...  теңге
        тұрады? 3. Ол ... жастағы балаға арналған? 4. Бұл пойыз-
        ды ... жүргізеді. 5. Шөпті түсірген ... . 6. Сіз ауылдан ...
        келдіңіз? 7. Сыныпта ... оқушы?

                                                                                    83
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   80   81   82   83   84   85   86   87   88   89   90