Page 80 - 7.1.1
P. 80
special-edu.kz.
special-edu.kz.
3-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, күшейтпелі шырайлы сын special-edu.kz.
есімдерді тауып, олардың қалай жасалып тұрғанын айт.
1. Мағрипа иіліп келе жатқан Әбішке жоғары қарап,
үп-үлкен сұрғылт көздерін көтергенде, оның қып-қызыл
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
еріндерінде әдемі достық ажарындай жымию да бар еді.
(М. Ә.)
2. Ағаш атаулының ішінде ерте көктейтіні – ақ қайың-
дар. Олар көк шашаққа малынып, өзіне тән сүп-сүйкімді
жеңіл ғана иісімен, бүкіл аллеяны сап-салқын ауаға бөле-
гендей. Ағаш астында асықпай жүріп келе жатқан жан-
дардың сарайы ашылып, жұпарлы жұп-жұмсақ ауамен
тыныстаған сайын бойына ерекше қуат дарығандай сезі-
неді. (С. Ғаб.)
4-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жаз. Сын есімнің
күшейтпелі шырайын тап.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Жайлауда
Жайлауда жасыл жайылған,
Оранып аппақ сағымға.
Қыр асып отар барады,
Жайлаудың төсін сағынған.
Жас шопан әнге салады,
Айналам күлім қағады.
Сылдырай түсіп бұлақтар,
Сайменен баяу ағады.
(Е. Шайхыұлы)
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
5-тапсырма. Жұмбақтардың шешуін тап!
1. Өзіне шап-шақ,
Киген қалпағы аппақ,
Балалар тұр қаптап. (Бақбақ)
2. Аумайды бір қылыштан,
Пүліш түсі жап-жасыл.
Соғылғандай мырыштан,
Өтпейтұғын жап-жасыл. (Қияқ)
78
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.