Page 81 - 7.1.1
P. 81
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Асырмалы шырай special-edu.kz.
Заттың сынын не асыра көтеріп, не асыра төмендетіп
көрсететін сын есім түрін асырмалы шырай дейміз.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Асырмалы шырай сын есімдерге аса, өте, тым,
нағыз, ең, орасан сөздердің тіркесіп келуі арқылы жа-
салады. Мысалы: аса үлкен, тым кішкене, өте ауыр,
тіпті аласа, ең жақын, орасан зор т.б.
1-тапсырма. Төмендегі сын есімдерден асырмалы шырай
жаса.
Үлгі: өте қысқа, тым қысқа, ... , ... .
Қысқа, жылы, суық, кең, тар, қатты, жуас, қатал, жа-
рық, ашық, әдемі, сұлу, көк, түзу, алыс, жақын.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
2-тапсырма. Сөйлемдерден күшейтпелі, асырмалы шырай-
лы сын есімдерді тауып, олардың қалай жасалып тұрғанын айт.
1. Жып-жинақы кеп-кең бөлменің ортасындағы үстел-
дің жанында ол күңкілдеп отыр. (М. Ә.) 2. Орталық қа-
лашығы өте сәнді. Биік-биік үйлер салынуда. Көшелерде
электр шамдары жарқ-жұрқ етіп, күндізгідей жап-жарық
болып тұрады. Көшелер де түп-түзу, теп-тегіс. 3. Қара
жерге түп-түгел жібек төсегендей. (С. С.)
3-тапсырма. Көшіріп жаз. Асырмалы сын есімдердің астын сыз.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Ең үздік би тобы марапатталды. Сыныпқа өте әдемі
қыз келді. Ауыл жолы тым алыс болды. Үйге аса сыйлы
қонақ келді. Бүгін күн өте суық. Қаланың орталығы өте
әдемі.
4-тапсырма. Төмендегі сын есімдерден асырмалы сын есім жа-
сап, көшіріп жаз.
Үлкен. Қатты. Тар. Ауыр. Биік. Қара. Қысқа.
79
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.