Page 44 - Қазақ тілі 7 жұмыс дәптері
P. 44
Қаратпа сөз
Ережені еске түсір.
Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер болады,
ондай сөздерді _____________________________________ дейді.
1-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс толықтырып, қаратпа сөздерді жаз.
1. – Әй, ... неғып тұрсың? – депті.
2. – Ой, неғыласың, ... , жаным рақат тауып тұр: қырда әрі шөлдеп,
әрі ыстықтап өліп едім.
3. ... , бұл жол даналыққа апарады.
4. – Айналайын, ... , – деді әжем.
5. Сен, ... , кітапты ал.
Керекті сөздер: түлкі, батыр, балалар, батыр, Бейсенжан, Ботагөз.
_______________________________________________________________
_____________________________________________________________

2-тапсырма. Сөйлемдердегі қаратпа сөздердің астын сыз.
1. Қымбатты қонақтар, бүгін біздің мектебімізде үлкен мереке!
2. Жол болсын, ата! Қонақтардың алды болып келіпсіз. Келіңіз,
төрге шығыңыз.
3. Сүйінші, апа! Үлкен немереңіз оқуға түсіпті.
4. Айналайын анашым, сізді мерекеңізбен құттықтаймыз!
5. Оқушылар, сабаққа кешікпей келіңдер.
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті қаратпа сөзді қой.
1. ... , бүгін сабақ ерте басталады.
2. Сүйікті, ... сенің еңбегіңді ұмытпаймын.
3. ... аманбысың, шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым.
4. Сәлеметсіз бе, ... ! Мен сізді қатты сағындым!
Керекті қаратпа сөздер: анашым, досым, анашым, оқушылар.
43