Page 47 - Қазақ тілі 7 жұмыс дәптері
P. 47
4-тапсырма. Сурет пен мәтінді пайдалана отырып өзің туралы әңгіме құрастыр.
Сен ұшақпен қайдан келдің?
Әуежайда
Әуежайда адамдар өте көп. Жаңа ғана «Нұр-Сұлтан – Алматы»
рейсімен жолаушылар ұшып келді. Бірнеше жолсеріктер ұшақтардан
түсуде. Ал жаңа «Атырау – Алматы» рейсімен ТУ-154 ұшағы қонды.
Диктор бұл туралы хабарлап жатыр. Мен осы рейстен інімді күтіп тұр-
мын.
Міне, өзі де көрінді.
– Сәлем, Дәулет!
– Сәлем, Берік!
– Кешігіп қондыңдар ғой?
– Иә, Атырауда тұман болды және өте қатты жел соқты. Алматыда
тұп-тұнық.
– Бізде жылы, бірақ облыстарда жел қатты болғандықтан, Алматыдан
ұшақтар ұшпай жатыр.
– Иә, солай сияқты, әуежайда жолаушылар көп.
Тірек сөздер: әуежай, Нұр-Сұлтан, Орал, рейс, Ту-154 ұшағы,
жолаушылар, диктор, тұман, жел.
_______________________________________________________________
_____________________________________________________________

46