Page 45 - Қазақ тілі 7 жұмыс дәптері
P. 45
Қыстырма сөз
Анықтаманы еске түсір.
_______________________________________________________________
_____________________________________________________________
_______________________________________________________________
1-тапсырма. Мәтінді оқып, қыстырма сөздерді тауып теріп жаз.
Менің атым – Қожа
Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады
да тұрады. Сірә, адамның атының да сүйкімді болуы зор бақыт па
деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып
қараңдаршы. Меніңше, айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды.
Көріп отырсыңдар, пәлендей әйдік ат емес. Шынын айтсам, бұл о баста
Қожа емес, Қожаберген екен. Қысқасы, бертін келе Қожабергеннің
«құйрығы» түсіп қалыпты.
_______________________________________________________________
_____________________________________________________________
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті қыстырма сөздерді жаз.
1. Болашақта, ... , сен мұғалім боларсың.
2. ... , сен кітап оқығанды жақсы көретін сияқтысың.
3. ... , оқуымды жалғастырамын.
4. ... , ол өз сөзінде тұратын сияқты.
5. ... , өзің, бір қызық жан екенсің.
Керекті сөздер: бәлкім, байқаймын, әрине, меніңше, шынымды
айтсам.
3-тапсырма. Өлеңді жаттап ал.
Монтёр ағай
Ағай епті қолымен
Жүреді ылғи от беріп.
Тарам-тарам жолымен
Жүгіреді тоқ келіп.
Көшеде, үйде, кеңседе,
Жүреді ағай шам жағып.
Түн ішінде келсе де,
Ол жүрген жер жап-жарық.
(М. Әлімбаев)
44