Page 153 - 7.2.1
P. 153

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



             5.  Киімнің,  ыдыстың  симметриялы  бөліктерін,  симметриялы                        special-edu.kz.
            оқу құралдарын, симметриялы жемістерді, көкөністерді ата.

            6. Симметриялы емес заттарды ата.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                   7. Беторамал, жейде ал. Осы нәрселердің симметриялығы-
                на көз жеткізу үшін оларды бүктеп, беттестір.

             8.  1)  Дөңгелек  ал.  Оны  диаметрі  бойынша  бүктеп,  беттестір.
            Дөңгелектің екі жартысы беттесті ме? Дөңгелекті симметриялы
            геометриялық фигура деп айтуға бола ма?
           2) Дөңгелектің симметрия осі деп нені айтады? Дөңгелекке неше диа-
            метр жүргізуге болады? Дөңгелектің неше симметриялық осі бар?

             9.  Теңқабырғалы  үшбұрыш  ал.  Осы  фигураның  симметриялы
            болатынын көрсет.
            1) Үшбұрышты оның төбесі мен оған қарсы жатқан қабырғасы-
            ның ортасын қосатын сызық бойымен екіге бүкте. Үшбұрыштың
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            пайда болған екі жартысы беттесті ме?
            2)  Теңқабырғалы  үшбұрыштың  неше  симметриялық  осі  барын
            анықта.

            10. Теңбүйірлі үшбұрыш ал. Фигуралардың симметриялы бола-
            тынын көрсет?
            1) Үшбұрышты оның төбесі мен табанының ортасын қосатын сы-
            зық бойымен екіге бүкте. Үшбұрыштың пайда болған екі жар-
            тысы беттесті ме? Оны түрлі қабырғалы үшбұрыш деп атай ма?
            2) Теңбүйірлі үшбұрыштың неше симметрия осі барын анықта?
            11. Теңқабырғалы үшбұрыш ал. Осы фигуралардың симметрия-
            лы болатынын көрсет.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            1)  Үшбұрышты  оның  төбесі  мен  төбесіне  қарсы  жатқан  қа-
            бырғасының  ортасын  қосатын  сызық  бойымен  екіге  бүкте.
            Үшбұрыштың пайда болған екі жартысы беттесті ме?
            2) Теңқабырғалы үшбұрышты симметриялы фигура деп айтуға
            бола ма?

           12. Төртбұрыш ал. Осы фигураның симметриялы болатынын анықта.
            1) Төртбұрышты оның қарама-қарсы қабырғаларының орталары
            арқылы  өтетін  сызық  арқылы  бүкте.  Төртбұрыштың  алынған
            жарты бөліктері беттесті ме?
            2) Төртбұрышта неге симметрия осі бар?                                 151
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   148   149   150   151   152   153   154   155   156   157   158