Page 104 - 7.3.1
P. 104
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Шыбық special-edu.kz.
І
Наурыз айының орта кезі. «Өмір» мектебінің 6 «А»
сыныбының оқушысы Бақыт Алмабеков өзімен бір сы-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
ныпта оқитын Темірдің үйіне келді.
Ол ағаш қақпадан өтіп, Темірдің үйінің ауласына кір-
генде, ешкімді көрмеді. Бақыт төргі бөлмеге беттеді. Еш-
кім көрінбейді. Аң-таң болып тұрған кезде оң жағындағы
үлкен пештің артынан:
– Апа, сенбісің?– деген дауыс естілді.
– Е, сен мұнда ма едің? – деп, Бақыт жайдарылана
сөйлеп, пештің артына қарай жүрді.
Ол шалқасынан түсіп кітап оқып жатқан Темірді көрді.
– Апам екен десем, сен бе едің? – деді ол. – Неғып тұр-
сың, ана орындыққа отырсаңшы.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Бақыт отырған жоқ.
– Мен саған келдім, – деді ол. – Жүр, Көктоғайға ба-
расың ба?
– Онда не бар?
– Шыбық кесіп әкелеміз. Бүгін күн сондай жақсы. Әрі
ашық, әрі жылы. Егер дәл осылай бір екі күн тұрса, қар-
дың өзі де қалмас.
– Шыбықты қайтеміз? – деді Темір отырған қалпы.
– Отырғызамыз. Мына үйдің жанына отырғыза қой-
саң, тез-ақ өсіп шығады. Білесің бе, былтыр мен үйдің
арғы жағына бес-алты шыбық отырғыздым. Тамаша бо-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
лып өсті. Түнеугүні күзде екеуміз торғай ұясын бір талға
орнаттық қой. Сол менің көктемде өсірген шыбығым бо-
латын. Жүр, Темір, бүгін демалыс. Барып қайтайық.
Темір басын шайқады.
– Бармаймын дейсің бе? Түу, бәрібір босқа отырсың
ғой, – деді Бақыт. – Жүр, Темір. Ойнап барып, ойнап
қайтамыз. Жүресің бе, ә?
Бақыт қаншама қиылып сұрағанымен, Темір көнбеді.
102
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.