Page 99 - 7.3.1
P. 99

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                               ІІ                                                special-edu.kz.

            Алманың пісетін мезгілі таянып келе жатады. Қуқыл
        түсті  көкшіл  алмалардың  бетіне  шиедей  қан  жүгіре
        бастайды.  Базар  піскен  алмаларды  алып  жегісі  келіп,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        сырттан сығалап жүреді.
            – Алма пісе ме? – деп сұрайды Базар бір күні құрбы-
        сынан.
            – Мезгілі жеткенде, әрине, піседі.
            – Піскен кезде өзі келіп ауызға түсе ме?
            – Онысын білмеймін. Бәлкім, сенің аузыңа түсер, бай-
        қап көр, – дейді құрбысы қасақана.

            Құрбысының бұл сөзі өзінің ойымен қабыса кеткен соң,
        Базар қуанғанынан күліп жібереді. Базар осыдан кейін
        шалдың бағындағы алмасы көп бір биік ағашты белгілеп
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        алады да, күн сайын кеш батқанда барып, соның қасында
        мөлиіп тұратын болады. Шал оны білсе де білмегенсіп,
        күркесінде жата береді. Осылайша күндер өтіп жатады.
        Алмалар әбден балбырап піскен кезде, шал шетінен үзіп
        алып жинай бастайды.
            Алма  ағашының  түбінде  аузы  аңқиып,  көкке  қарап

        тұрған Базарға қария:
            –  Сен,  бала,  менің  бағыма  күн  сайын  неге  келе  бе-
        ресің?- дейді.
            Базар сасып қалады.
            – Ең болмаса, бір алма үзіліп аузыма түспес пе екен
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        деп үміттеніп келіп жүрмін.
            Сөйтіп тұрғанда бір нарттай қызыл алма үзіліп жерге
        түседі де, домалап кетеді. Сонда шал алманы жерден кө-
        теріп алып, Базарға береді:
            – «Алма, піс, аузыма түс» деп қарап отыруға болмай-
        ды, балам. Дүниеде еңбекпен тапқан тамақтан дәмді та-

        мақ жоқ, – дейді. Содан былай Базар тамақты өз еңбе-
        гімен тауып, әке-шешесін асырауға уәде береді.


                                                                                     97
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104