Page 98 - 7.3.1
P. 98
special-edu.kz.
special-edu.kz.
шасын күтіскенде, Базар айдаладағы бұтаның түбінде special-edu.kz.
қорылдап ұйықтап жатады. Басқа балалар шамалары
келгенше әке-шешелеріне болысып, еңбек етіп жатқанда,
ол тамақ ішуден, ұйқыдан басқаға мойын бұрмай, көзге
шыққан сүйелдей жеккөрінішті болады.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Базардың бұл мінезі балаларға ұнамайды. Бір күні
бағбан шал үйінің көлеңкесінде ұйықтап жатқан Базар-
ды оятып, қолынан ұстап тұрып:
– Тамақтың қандайы дәмді болады? Оны білесің бе? –
деп сұрайды.
Шалдың сұрағына таңданған Базар біраз бөгеліп тұрып
жауап береді:
– Жақсы пісірілген тамақтың бәрі де дәмді болады.
– Бекер айтасың, Базар, – дейді шал, – қанша жақсы
болғанымен, тамақтың бәрі бірдей дәмді бола бермейді.
– Мұныңызға түсінбей тұрмын, ата, – дейді Базар
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
ыңғайсызданып.
– Оған түсінгің келсе, ұйқыңды аш, балам. Бір реті кел-
генде айтармын, – дейді де, шал өз жөніне кете барады.
жертөле – жерді қазып, үстін жауып тастайтын
жер үй. Жертөленің төбесіне шатыр салмайды.
қолғабыс – көмек
1. Әңгімені рөлге бөліп оқы. Әңгіме кейіпкері Базарға мі-
нездеме бер.
2. Оқиға қай жерде көрініс тапқан?
3. Шал мен кемпір қандай кәсіппен айналысады?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
4. Базардың қандай мінезі балаларға ұнамайды?
1. Әңгімеден шалдың Базарға қойған сұрағын тауып оқы.
«Қолғабыс, көмек» сөздеріне мағыналас сөздерді айт.
2. Бағбан шал Базарға қандай сұрақ қойды?
3. Базардың жауабы қандай болды?
4. Сен осы сұраққа қалай жауап берер едің?
1. Әңгіменің екінші абзацын оқы. Өз ата-аналарыңа үй ша-
руасында қалай көмектесетініңді әңгімеле.
2. Көрші балалар шалға қалай көмектесті?
3. Бақшаны күтіп, көмектескені үшін шал балаларға не ұсынды?
96
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.