Page 93 - 7.3.1
P. 93

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                              Ілияс Жансүгіров                                   special-edu.kz.
                                                  (1894–1938)

                                  Ілияс  Жансүгіров  –  әйгілі  ақын,  сөз
                              зергері. Ол қазіргі Алматы облысы, Ақсу
 special-edu.kz.              бастап  ән  мен  күйге,  өлең-жырға  құмар                         special-edu.kz.
                                           special-edu.kz.
                              ауданында  туған.  Ілияс  жас  күнінен

                              болып өсті. Жас Ілияс ұлы Абайдың по-
                              эзиясымен танысқаннан кейін өзінде бір
        ерекше  сергектік,  сілкініс,  жаңалық  сезінді.  Өз  үйінде
        әкесінен, сосын молдадан хат таныды. Ілияс жүйелі түр-
        де білім алу үшін Алматыға келеді. Бұл жерде мұғалім-
        дер  институтындағы  қысқа  мерзімді  курста  оқыды.
        Жансүгіровтің «Балдырған», «Қызыл жалау» атты өлең
        дәптерлері  1957  жылы  Ұлттық  кітапханадан  табылды.
        Жансүгіровтің  «Сарыарқаға»,  «Тілек»  деген  алғашқы
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        туындылары 1917 жылы Семейде шықты. Көптеген өлең-
        дері мен әңгімелері «Сарыарқа» газетінде жарияланған.
        Ал 1923 жылы «Сана» журналында «Мерген Бөкен» әң-
        гімесі басылып шықты. Осыдан соң Жансүгіров өлеңдері
        «Тілші», «Ақжол», «Кедей еркі» газеттерінде жиі жария-
        ланып жүрді.
            Ілияс Жансүгіров – өте талантты болған. Ол балаларға
        арнап көптеген өлеңдер жазды. Өлеңдері балаларды туған
        жерді, ата-ананы сыйлауға үйретеді.


                зергер – бұл жерде «шебер», «ұста» деген мағынада
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                поэзия – өлең түріндегі шығармаларды қамтитын
                әдебиет жанры


                1. Ілияс Жансүгіров жас кезінен неге құмар болып өседі?
                2. Ақын Абайдың поэзиясын қалай қабылдады?
            3. Өз сезімдерін қай еңбектерінде көрсетеді?
            4. Ақын-жазушының шығармалары қайда жарияланды?
            5. Ілияс Жансүгіровтің өлеңдері балаларды неге үйретеді?
            6. «Талантты» деп кімдерді айтады?


                                                                                     91
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98