Page 88 - 7.3.1
P. 88

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                           Қызыл шұнақ                                           special-edu.kz.

                 Шытынайды тыста аяз,
                 Қызыл шұнақ үскірік.
                 Қылшылдайды жалаңдап,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 Зәрлі деммен ысқырып.

                 Ұшан-теңіз қалың қар
                 Жерді басып жабады.
                 Шұнақ аяз жалаңдап,
                 Екі санын сабады.

                 Мұздай демі бет қарып,
                 Аяз аузын ашады.
                 Құлақтанып қызыл Күн,
                 Жасыл ұшқын шашады.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                     қызыл шұнақ – бет қаратпайтын аяз, үскірік
                     ұшан-теңіз – шексіз, өте көп


                        1. Өлеңді іштей оқы. Жаттап ал. «Мұздай демі бет қарып,
                     аяз аузын ашады» деген өлең жолын түсіндір.
                 2. Өлеңде қай жыл мезгілі суреттелген?
                 3. «Қызыл шұнақ аяз» деп қандай аязды айтамыз?
                 4. Сен қысқы аязды сипаттау үшін қандай сөздерді таңдар едің:
                 қатты аяз, сықырлаған аяз, сары аяз.


                     1. Өлеңді мәнерлеп оқы. Өзің тұрған жеріңдегі қыс табиғаты
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 мен өлеңдегі қыс бейнесін салыстыр.
                 2. С.Сейфулиннің «Қызыл шұнақ» шығармасы қай жанрға жатады?
                 3. «Қалың» (қар) сөзіне мағынасы ұқсас сөздермен ауыстырып оқы.
                 4. Автор өлең арқылы қандай құбылысты суреттейді?


                     1. Өлеңнің екінші шумағын оқы. Тыныс белгілеріне мән бер.
                 2. Қыста адамдар қалай киінеді? Неге?
                 3. Қандай қыстық ойындарды білесің?
                 4. Саған қай ойын қатты ұнайды? Әңгімелеп айтып бер.
                 5. Өлеңді қандай көңіл күймен оқу керек?


             86
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93