Page 83 - 7.3.1
P. 83
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Мен жастарға сенемін special-edu.kz.
(өлеңнен үзінді)
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар –
Мен жастарға сенемiн!
Жұмсақ мiнез жiбектер,
Сүттей таза жүректер.
Қасиеттi тiлектер –
Мен жастарға сенемiн!
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
ар – бұл жерде намыс деген мағынада айтылады
1. Өлеңді жаттап ал. Айбатты, қайратты, ... , ... сөздер
қатарын синонимдермен жалғастыр.
2. Ақын өз сөздерін кімге арнап отыр?
3. Ақын жастарды қандай сөздермен сипаттайды? Тауып оқы.
4. Қарамен белгіленген жолдарды қандай интонациямен оқу керек?
5. Саған ата-анаң қандай сенім артады?
1. Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлең жолдарынан автордың көңіл
күйін, интонациясын анықта.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
2. Неге өлең «Мен жастарға сенемін» деп аталған?
3. Ақын жастарды неге теңеген?
4. Автор жастарды қалай жігерлендірді?
5. Өлеңнен қандай әсер алдың?
1. Өлеңнің соңғы шумағын дауыстап оқы. Тыныс белгілеріне
мән бер.
2. Өлең кімдер туралы?
3. Ақын балалық және жастық шақта неге көңіл бөледі?
4. Қазір сен нешедесің? Негізгі уақытыңды неге арнайсың?
81
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.