Page 91 - 7.3.1
P. 91
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Күлпаш special-edu.kz.
(әңгімеден үзінді)
Күлпаштың көңілсіздікке түсіп жүрген күндерінің бірі
еді... Үстінде ескірген соң әр жерінен бір түйіп қойған
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
ескі көйлегі бар. Оның сыртына тозығы жетіп тулаққа
айналған қысқа ескі тон киген. Басында селдіреген көне
бөкебайдың жұрнағы бар. Бет-аузы көнектей ісік: тоңып,
бүрісіп отыр. Үйдің бұрышындағы пешке арқасын сүйеп,
мұңайып, терең ойға түсіп Күлпаш отыр. Жыртық күпіге
оранып, бүк түсіп баласы Қали жатыр.
Үй суық. Жамаулы терезенің жыртығынан кірген
ызғырық шекеден шыққандай... Үйдің ішін жылытуға
пешке жағатын отын жоқ. Отын табылар жер де жоқ...
қара судан басқа дән татпағанына бүгін үшінші күн.
Алты айғы қыс тартқаны – аштықтың зардабы. Бар
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
сенетіні – күйеуі Мақтым. Ол ел қыдырып, тілек тілеп,
ерте кетіп, кеш келеді. Бірақ оның да табары жоқ...
Әйтсе де, Мақтым кеткенде сол бірдеме әкелетіндей
көріп, өзін-өзі алдаусыратумен ұзақ күнді кеш қылады.
Бұл – Күлпаштың бүгінгі әдеті емес, көптен бергі әдеті.
Күлпаш өзінен гөрі баласын аяумен келеді. Көршілері-
нен сұрап алғанын баласына беретін болды. Бірақ соңғы
кезде оның өзі де болмай кетті. Бұл ауылда отырғандар-
дың бірсыпырасы-ақ өлмелі кедей. Бәрі де «шықпа, жа-
ным, шықпа» деп отырған секілді
– Әй, қайырымсыз аштық-ай! Кімдерді жылатпады,
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
кімдер жыламады! – Күлпаш өксіп жылап жіберді.
Бүрісіп жатан Қали қозғалып:
– Апа! – деді.
– Немене, қарағым?
– Әкем келді ме?!
Далада тықыр білініп, сықырлап есік ашылды. Қыр-
жиып тырысқан қысқа тон, қаудырлап қатқан жаман
тымақ, аяғына қонышынан басылған жаман етік киген.
89
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.