Page 109 - 7.3.1
P. 109
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Наурызкөже special-edu.kz.
Наурыз – жаңа күн, жыл басы, жаңа жылдың бірінші
күні.
Қазақ халқы наурыз күнін «Ұлыстың ұлы күні» деп,
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
жақсылық тілейді. Ескі жылдағы өкпе-араздықты ұмы-
тып: «Ұлыс оң болсын, бәле-жала жерге енсін, ақ мол
болсын, ел тоқ болсын!» – деседі. Жас-кәрісі бірін-бірі
құттықтап, құшақтасып көріседі.
Наурыз тойының мақсаты – халыққа молшылық,
тоқшылық тілеу. Сол үшін қазан-қазан наурызкөже
пісіреді. Наурызкөженің құрамы бидай, тары, қамыр,
бұршақ, ет, тұз, сүт сияқты жеті дәмнен құралуы керек.
Наурызкөжеге арнап соғымның сүрленген жамбасы, жая,
қазы-қарта сақталады.
Көжеге құрт езіп, уыз да қосады.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Әлгі аталған жеті дәмнің ішіндегі бидайдың орны
бөлек. Бидайды келіге түйіп, түктейді. Сонда көжеге дәмі
шығады. Кейде бидайдың орнына күріш, арпаны да қол-
данады.
1. Мәтінді түсініп оқы. Наурыз мерекесінің ерекшеліктері
туралы айт.
2. Наурыз қандай мейрам?
3. Наурыз күні қалай аталады?
4. Көже қалай жасалады? Оған нелер қосады? Атап айтып бер.
1. Наурыз тойының мақсаты туралы мәтіннен тауып оқы.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
2. Наурыз тойы қандай мақсатпен тойланады?
3. Наурызкөже дайындаудың қандай ерекшеліктерін білесің?
1. Мәтіннен «Ұлыстың ұлы күні» деп басталатын тұсын
тауып оқы.
2. Осы мерекеде адамдар бір-біріне не тілейді?
3. Бұл мереке қай мезгілде тойланады?
4. Наурыз мерекесі саған ұнай ма? Несімен ұнайды?
107
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.