Page 111 - 7.3.1
P. 111
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Отан special-edu.kz.
Отанды біз Атамекен
Деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен –
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Бабамыз бен атамыз.
Отанды
Жас, кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз.
Отанды әркім анасындай
Қастерлейді, бағалап.
Өйткені Отан баласындай
Бізді өсірер аялап.
Отан деген – Атамекен,
Атамекен – туған жер special-edu.kz.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Отан деген – туған жер.
Отан – ана,
Отан – үлкен
Қазақстан – туған ел.
1. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқы. Жаттап ал.
2. «Отан» деген сөзді қалай түсінесің?
3. Ақын Отанға, туған жерге деген сүйіспеншігін қалай жыр-
лаған?
4. Біз Отанды неліктен сүйеміз? Неге?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
5. Отанды неліктен қастерлейміз?
1. Өлеңнің алғашқы шумақтарын мәнерлеп оқы. Өз елің ту-
ралы әңгімелеп бер.
2. Ақын Отанға, туған жерге деген сезімін қандай сөздер арқылы
жеткізді?
1. Өлеңнің соңғы шумақтарын оқып бер.
2. Автор Отанды неге теңеді?
3. Біз қандай елде өмір сүріп жатырмыз? Өз сөзіңмен әңгімелеп
бер.
109
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.