Page 115 - 7.3.1
P. 115
special-edu.kz.
special-edu.kz.
«Көк тудың желбірегені...» special-edu.kz.
Бір күні Әділ мектептен жалғыз қайтқан. Жан-жағына
көз тастап, жолдың белгісі бар жерінен өтіп, сәл аялда-
ды. Сол кезде қоларба сүйреткен бейтаныс жанынан өтіп
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
бара жатты. Қоларбасында батпақ баттасқан шүберекпен
ораған сексеуілдің бұталары. Кенет шүберектің шетіндегі
сары түсті оюлар көзіне оттай басылды.
– Мынау ту ғой, – деді күбірлеп. – Ағаның мұнысы
несі екен?
«Туымызды құрметтеу – парыз. Өйткені, ту елдің на-
мысы, рухы, киесі», – деген апайлары. Біздің елдің спорт-
шылары Олимпиадаларда мінбеге көтеріліп, кеуделеріне
алтын медаль таққанда, көк ту биікке көтеріледі емес пе?
Бейтаныс он шақты қадамнан соң шаршады ма, қо-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
ларбасын тоқтатып, жол шетіне отыра кетті.
«Бұл кім? Қаңғыбас біреу емес пе екен? Мейлі, кім
болса да барып сөйлесейін. Туды бұлай қорлауға болмай-
ды ғой...»
– Ассалаумағалайкүм!
– Әликсалам! – деді бейтаныс күлімсірей қолын ұсы-
нып.
– Аға, шаршадыңыз ба? – деді сонан соң бастырмала-
тып.
– Иә, белім ауырып кетті.
– Осы қалада тұрасыз ба?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
– Иә, жо...оқ. Ауылда менің дәл өзіңнен аумайтын
ұлым бар.
– Есімі кім?
– Бекзат. Өзіңнің атың кім?
– Әділ.
– Менің ұлым 2-сыныпта оқиды, – деді бейтаныстың
үні анық шығып.
– Мен де екіншідемін.
113
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.