Page 117 - 7.3.1
P. 117
special-edu.kz.
special-edu.kz.
сәресі шығып, тұрған жерінде шыр айналды. – Айнала- special-edu.kz.
йын, балам-ау, айтпаушы ма ең! – Бейтаныс адымдай ба-
сып Әділге жетті де, туды бүктеп ұстап тұрған баланы
жерден тік көтеріп алды.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
– Сен бар ғой, сен нағыз азамат болатын бала екенсің.
Үлкеннің қатесін түзедің. Бекзат ұлыма сен туралы ай-
тып барамын.
Сөйтті де, Әділді жерге түсіріп, бетінен сүйіп-сүйіп алды.
– Енді не істейсің, балам? – деді.
– Жақсылап жуып, мектептегі апайыма апарып бе-
ремін.
– Жарайсың, балам! Осы жолыңнан тайма! Мені кешір,
жарай ма?
Әділ басын изей-изей алыстай берді. Оның бойын әл-
деқандай бір күш билеп, алға жетелеп барады. Ойына
күні кеше хорда айтылған ән түсті. «Көк тудың желбіре-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
гені, жаныма қуат береді...» – деп ыңылдап бастап, ар-
тынша дауыстап шырқағанын сезер емес.
1. Әділдің туды сұрағанын оқы. Мемлекеттік Туда не бей-
неленгенін айтып бер.
2. Арбада жатқан ту қандай болды?
3. Әділ өз еңбегіне не сұрады?
4. «Көк тудың желбірегені...» әнін білесің бе? Орындап бер.
1. Мәтінді оқып шық. Туды қалай қадірлеу керектігін айтып бер.
2. Мектептен келе жатқанда Әділ қандай оқиғаның куәсі болды?
3. Ол үлкен адамның қатесін қалай түзеді?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
4. Әділдің орнында болсаң сен не істер едің?
1. Мәтінді түсініп оқы. «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық
мақтанышымыз» деген сөздерді түсіндір.
2. Қоларба сүйреткен адамның іс-әрекеті дұрыс па?
3. Әділ туды не істейтін болды?
4. Бейтаныс адам Әділге қандай тілек айтты?
Есіңде сақта!
Ту – тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті бел-
гісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады.
115
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.