Page 119 - 7.3.1
P. 119
special-edu.kz.
special-edu.kz.
«Тәуелсіздік монументі» special-edu.kz.
Айы туып, жұлдыз күні жанған ел,
Ата-бабам мәңгі аңсаған арман ел.
Мәңгі тірі, мәңгі азатсың, қазағым,
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Мұндай ұлы монументті салған ел.
Қорамсаққа қолды салсаң – үш жебе,
Қазағымның тұтастығын қорғайтын.
Жан-жағынан жақсылары қалыспай,
Хан болған ғой азаматым арыстай.
Алтын адам – ата-бабам көзі бұл,
Қанаттанып жауға шапқан барыстай.
Келешекке құс боп қанат қақты Адам,
Ұлы өнердің мәңгі отын жақты Адам!
Тәуелсіздік монументі алдында
Қазақ болып туғаныма мақтанам!
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
монумент – үлкен ескерткіш
қорамсақ – садақ оғын салатын қап
жебе – садақ оғының ұшы
1. Өлеңді тыныс белгілеріне мән беріп оқы. Өзіңде қандай
сезім пайда болғанын айтып жеткіз.
2. «Монумент» дегеніміз не?
3. Монументте кімнің бейнесі орнатылған?
4. Бұл ескерткіш неге арналған?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Өлеңді түсініп оқы. Өлеңнің соңғы шумағын жаттап ал.
2. Алтын адамды неге теңейді автор?
3. «Тәуелсіз ел» дегенді қалай түсінесің?
4. Өлең неге «Тәуелсіздік монументі» деп аталады?
1. Өлеңді мәнерлеп оқы. Тәуелсіздік туралы өз сөзіңмен ай-
тып бер.
2. Ата-бабамыз нені аңсаған?
3. Алтын адамның қандай сипаттары бар?
4. Өлеңді қандай сезіммен оқу керек?
117
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.