Page 121 - 7.3.1
P. 121

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



            Сағат сайын саулығыңды тілеймін,                                                     special-edu.kz.
            Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
            Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
            Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            Ел бетіне қалай түзу қараймын,
            Ана тілім,
            Егер сені білмесем.
            Сенің арқаң өзімді-өзім түсінсем,
            Ақыл-ойым, айбатым – сен, күшім – сен!
            Қойсын маған Күннің нұры түспей-ақ,
            Ана тілім,
            Арыңа дақ түсірсем.


            Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
            Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
            Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
            Ана тілім,
            Алтын ұям, құндағым,
            Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.
            Сенің жырың, сенің әнің айтарым,
            Санам сөніп, байланғанша тіл-жағым!


                   1. Өлеңді түсініп оқы. Өзіңе ұнаған шумақтарын жаттап ал.
                2. Автор өлеңде ана тілін қалай сипаттаған?
            3. Өлеңде ана тілі қандай көркем сөздермен дәріптелген?
            4. Өздеріңнің оқитын мектептеріңде немесе сыныпта тіл мере-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            кесі қарсаңында қандай іс-шаралар жүргізіледі?

                1. Өлеңді іштей оқы. Өлеңде кездесетін «Бақ тілі, дана тілі,
            пәк тіл» сөздерінің мағынасын түсіндір.
            2. Ақын ана тілді неге теңеген?
            3. Тіл мерекесі қашан, қай күн деп белгіленген?

                1. Өлеңнің соңғы шумақтарын оқы.
            2. Біздің ана тіліміз қай тіл? Ақын ана тілді неге теңеген?
            3. Тіл туралы ақын-жазушылардың қандай өлеңдерін білесің?


                                                                                   119
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   116   117   118   119   120   121   122   123   124   125   126