Page 125 - 7.3.1
P. 125
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Бір күні шал апарып ауын салды, special-edu.kz.
Балық жоқ, ауға оралған балдырды алды.
Салғанда ауын және екінші рет,
Теңізде өсетін бір шөп оралды.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Тағы да үшінші рет ауын салып,
Сүйретіп шығарды бір Алтын балық.
Шал байғұс өз көзіне өзі сенбей,
Аңырап тұрды біраз таңғалып.
Жарқырап, үсті-басы оттай жанып,
Адамша сөз сөйлейді Алтын балық:
«Жанымды қалдыр, жібер, ақсақал!
Бар болса қажетіңді менен алып».
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Шал балықты жіберді де, үйге қайтты,
Не ғажап көргенінің бәрін айтты.
«Жібердім ештеңе де алмай» деген соң-ақ,
Кемпірі шалға көзін бажырайтты.
«Ақымақ, – дейді, – алжыған, кеткен есің,
Былжырап айтып тұрсың, сөз деп несін?
Жаңа астау тым болмаса, алсаң едің,
Астаудың жарылғанын білмеймісің?»
аңырап тұру – ес-түсін білмей, қозғалмай тұру
киесіне қалу – обалына қалу, бекер өлтіру
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
астау – тамақ салатын ыдыс
1. Ертегіні рөлге бөліп оқы. Балықшы шалдың әрекетіне
баға бер.
2. Шал мен кемпір қай жерде тұрды?
3. Олардың тұрмысы қандай болды?
4. Шал күн көру үшін немен айналысты?
5. Кітапханадан А. С. Пушкиннің «Балықшы мен балық» ерте-
гісін алып, толық оқы.
123
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.