Page 129 - 7.3.1
P. 129
special-edu.kz.
special-edu.kz.
1. Өлеңді мәнерлеп оқы. «Қалғып» сөзіне қарама-қарсы special-edu.kz.
сөздерді тауып келтір.
2. Ақын тауға қандай сезімін жеткізіп тұр?
3. «...Тынығарсың сен дағы» деп ақын кімге айтып отыр?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
4. Сен тауға шығып көрдің бе? Таудың қандай ерекшелігін білесің?
1. Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлеңнің көңіл күйін анықта.
2. Ақын тауды қандай сөздермен суреттейді?
3. Өлең саған ұнады ма? Несімен?
4. Өлеңді қандай дауыспен оқу керек? Неге?
1. Өлеңді (әнімен) аудиотаспадан тыңда. Әуенге қосылып ән-
детуге тырыс.
2. Ақын тауды тәуліктің қай кезінде көрді?
3. Түндегі тауға тірі табиғаттың қандай әрекетін тән қылады?
4. Сен тұратын жерде тау бар ма? Атын айт.
Желкен
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Тұманды көкшіл теңізде
Жалғыз желкен жалтылдап.
Жат жерде жүр ол нені іздеп,
Елінде несі бар қымбат?
Иілер, діңгек сықырлап,
Жел гулеп, толқын атқанда.
Жүргенде жоқ-ау іздеп бақ,
Безбейді және бақтан да.
Астында ағыс көк айдын,
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Алтын Күн көкте – рауан нұр.
Ол бүлік, дауыл сұрайды,
Табардай рақат содан бір.
1. «Желкен» сөзін мағыналас, ұқсас сөздермен ауысты-
рып оқы.
2. Өлең неге «Желкен» деп аталады?
3. «Желкен» дегеніміз не?
4. Ақын не айтқысы келді?
5. Ақын желкен арқылы кімді бейнелеп отыр?
127
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.