Page 112 - 7.3.1
P. 112
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Сұлтан Қалиұлы special-edu.kz.
(1943 жылы туған)
Сұлтан Қалиұлы ақын, аудармашы,
ұстаз. Ол 1943 жылы Жамбыл ауданында
special-edu.kz.
special-edu.kz. туған. special-edu.kz.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
университетін 1967 жылы бітірген. Шу,
Жамбыл ауданында орта мектептің мұға-
лімі болды.
1991 жылы республикалық «Ұлан» газетінің бас ре-
дакторы болып қызмет істеген.
С.Қалиұлы, негізінен, балалар поэзиясы, сатира жан-
рында еңбек етті. «Сыныққа сылтау» (1967), «Өлеңдер»
(1968), «Дүрбі» (1970), «Қасиетті тақия» (1972), «Сәлем
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
саған, мектебім» (1977), «Теміртесер» (1979), «Бақыт де-
ген не?» (1980), «Мен мектепке барамын» (1982), «Әйт,
шүу, тұлпарым» (1986), «Қандай болып өсемін» (1994)
өлең жинақтары жарыққа шықты.
Жекелеген өлеңдері орыс, украин, өзбек, грузин,
түрікмен, қарақалпақ, әзірбайжан тілдеріне аударылды.
«Сәлем саған, мектебім» атты кітабы 1983 жылы Фрунзе
қаласында қырғыз тілінде жарық көрді. «Скачи, мой ар-
гамак» кітабы орыс тілінде 1989 жарық көрді. Бұлардан
өзге «Төлебай Әжімов» 1973, «Баспалдақ» 1984 жылы
шыққан прозалық жинақтары да бар. С. Маршак, С. Ми-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
халков, Р. Ғамзатов, Р. Киплинг, Бақытжан Момышұлы,
Я. Колас, А. Барто, Я. Бжелва, А. Ж. Родари, Я. Аким,
Б. Заходер, тағы басқа ақын-жазушылардың шығармала-
рын қазақшаға аударды.
1. Сұлтан Қалиұлы қай өңірде дүниеге келді?
2. Ол кім? Негізінен қай салада жұмыс істеген?
3. Ақынның қандай өлең жинақтары жарыққа шықты?
110
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.