Page 105 - 7.5.1
P. 105

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



        тың  сұрпына  байланысты  түй-                                                           special-edu.kz.
        нектерінің түстері қоңыр, күлгін
        және қызғылт болуы мүмкін.
            Картоп  түйнегінің  төбесі  мен
        негізі  болады.  Түйнекте  көзше-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                           2           special-edu.kz.
        лер  болады.  Онда  бүршіктер ор-
                                                            1
        наласады.  Көзшелер,  негізінен,
        түйнектің  төбесінде  орналасады,
        ал  негізінде  аз  болады.  Сырты
        қабықпен  қапталған.  Ішінде  ақ
        немесе сары түсті жұмсағы бола-                                         3
                                                              116-сурет. 1 – гүл;
        ды. Бұл қорек заттар, негізінен,                    2 – жеміс, 3 – түйнек
        крахмал болып табылады.
            Картопқа жарық керек. Көлеңке жерде сабақтары ұза-
        рып, өнімі төмен болады. Картопты түптеу мен арамшөп-
        терден тазарту оның басты күтімі болып табылады. Түп-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        теудің не екенін сөздіктен қара. Қазақстанның оңтүстік
        аудандарында  картоп  суғаруды  қажет  етеді.  Картопты
        түптеген кезде суғару үшін арнайы атыздарды жасайды.
            Өнімді  күз  мезгілінде  сабақтары  қурап  қалғаннан
        кейін жинайды. Түйнектерді қазып алып, жақсылап кеп-
        тіреді. Картопты көкөніс қоймасында сақтайды.
            Адамдар картопты тамақ өнімі ретінде кеңінен пайда-
        ланады. Оны тегіннен-тегін «екінші нан» деп айтпайды
        ғой. Сондай-ақ одан крахмал, каучук, қағаз, бояу және
        тағы да басқа бұйымдар алады. Картоп – жануарлар үшін
        де таптырмас мал азығы.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
              Картоп – ең бір маңызды тамақ өнімдерінің бірі. Ол тамақ
          өнеркәсібі үшін бағалы шикізат болып табылады, малға азық
          болады. Оны, негізінен, түйнектермен көбейтеді.


                 Түйнектер. Көзшелер. Сабақтар. Түптеу.

                 1. Картоптың құрылысы қандай?
                 2. Картопты өсіру үшін қандай жағдайлар керек?
                 3. Картопты не үшін түптейді?
                 4. Картопты не үшін өсіреді?

                 Жұмыс дәптеріндегі № 114–118-тапсырмаларды орында.
                                                                                   103
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   100   101   102   103   104   105   106   107   108   109   110