Page 97 - 7.5.1
P. 97
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Қараөріктің жемісінде көптеген пайдалы заттар мен special-edu.kz.
дәрумендер бар. Қараөріктен тосап, тұздық қайнатады,
сусындар дайындайды. Қараөріктің ерекше сұрыптары-
ның жемістері кептірілген қараөрік түрінде өте пайдалы
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
болады. Өсімдіктің ағашы өте қымбат тұрады. Одан пар-
кет, музыкалық аспаптарды жасайды.
Өрік пен қараөрікті қалай дұрыс жинау керек?
• Жемісті төменгі бұтақтардан, бұтақтан діңге қарай
жинайды.
• Жоғарғы бұтақтардың жемісін жинау үшін баспал-
дақ керек болады.
• Бұтақтарын басуға, сындыруға болмайды. Сондай-ақ
одан жарақаттанып қалуға да болады.
• Ағашты сілкілеуге болмайды. Неге? Ойлан.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
• Жемістер езіліп қалмауы үшін оларды жәшікке
ұқыптап салады.
Өрік пен қараөрік – көпжылдық жеміс ағаштары. Бұл
ағаштардың гүлдерінің құрылыстары (5 күлте, 5 тостағанша, 1
аналық және көп аталықтар) бірдей. Жемісі сүйекті. Адамдар
бұл жеміс ағаштарын дәмді де пайдалы жемістері және сүрегі
үшін өсіреді.
Өрік. Қараөрік. Сүйекті жеміс. Кептірілген қараөрік.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Өрік пен қараөрікті не үшін өсіреді?
2. Бұл өсімдіктердің гүлдерінің құрылысы қандай?
3. Қараөріктің ерекше сұрыптарының кептірілген жеміс-
тері қалай аталады?
4. Өрік пен қараөріктің жемістері қалай аталады?
5. Өрік жемістерінен не дайындайды?
6. Өрік пен қараөрік өнімдерін жинау ережелері туралы ай-
тып бер.
Жұмыс дәптеріндегі № 109, 110-тапсырмаларды орында.
95
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.