Page 15 - 7.9.1
P. 15
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Қазақстан жері special-edu.kz.
1-тапсырма.
Мәтінді түсініп оқы. Қазақстан аймақтарын ата.
Сұрақтарға жауап бер.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Қазақстан мемлекетінің жері неше аймаққа бөлінген? 2. Қа-
зақстанның қай аймағында тұрасың? 3. Өзің тұратын өңір несімен
ерекшеленеді?
Өзің тұратын аймақ туралы дәптерге көшіріп жаз.
Мәтіннің сол бөлігінен аралас буынды сөздерді тауып жазып,
буын түрлерін ажырат.
Қазақстан – Батыс, Солтүстік, Орталық, Шығыс,
Оңтүстік болып бірнеше аймаққа бөлінеді.
Батыс Қазақстан – Еуропа мен Азияның түйіскен
жерінде орналасқан. Каспий теңізі, Жайық өзені, Маң-
ғыстау шығанағы осы аймақта.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Солтүстік Қазақстан – Қостанай, Солтүстік Қазақстан,
Көкшетау, Павлодар сияқты солтүстік аудандар. Атақты
Көкшетау, Баянауыл сияқты сұлу жерлер де осында.
Орталық Қазақстан – негізінен, Сарыарқа деп ата-
латын аймақ. Ол Қарағанды, Жезқазған аумағын және
Ақмола, Павлодар облыстарының біраз бөлігін қамтиды.
Шығыс Қазақстан Семей және Шығыс Қазақстан өңірін
қамтиды. Мұнда Зайсан, Марқакөл сияқты әсем көлдер,
сыңғырлаған бұлақтар мол.
Оңтүстік Қазақстан Алматы, Шымкент қалаларын,
Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарын қамти-
ды. Мұнда Алатау, Қаратау таулары, Сырдария, Іле сияқ-
special-edu.kz. (Қазақ тілі хрестоматиясы. Ж. Нығмет) special-edu.kz.
special-edu.kz.
ты ірі өзендер бар.
2-тапсырма.
Берілген сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрап айт.
Берілген сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрап жаз.
Үлгі: Менің Отаным – Қазақстан.
Отан, атамекен, туған жер, жасыл, қала, жас қала,
егемен ел, бас қала, үлкен ел.
13
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.