Page 168 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 168

special.edu.kz.
 special.edu.kz.




                         7. Мәтінді оқып, мазмұнын айт. 2-3 сөйлемді сөйлем мүше-                special.edu.kz.
                      леріне талда.

                                               Зеректік
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Англия жұртында Броун деген білімді ұста судың үстіне

             қолайлы көпір салуды ойлапты. «Қалайша салсам қолайлы,
             берік болар екен?» деп ойға қалып келе жатса, жолдың үсті-
             не көлденең тартылған өрмекшінің өрнегіне көзі түсіпті. Ол
             тоқтай қалып ойланады. «Өрмекші мынау жол арқылы көпір
             салыпты, астында тіреуі жоқ. Осындай көпір болса қолай-
             лы болар еді», – дейді. Ойланып-ойланып, су үстіне екі ұзын
             шынжыр  тартып,  ортасына  тақтай  салады.  Екі  жақ  басын
             құрғақ жерден биік, мықты бағандарға бекітіп, көпір жасай-
             ды. Шынжырдан көпір салу содан қалған үлгі екен.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                                                                          (Ы. Алтынсарин)



                    8. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшелерінің байланысын
             сызбамен көрсет.
                                          Спортшы Бейбіт


                 Бейбіт сыныптағы балалардың ең кішісі әрі ең нәзігі еді.
             Мұнысы, әсіресе денешынықтыру сабағында айқын аңғары-
             латын.
                 Тез өсіп, үлкен болу оның арманы еді. Ағалары ауланың
             бір бұрышына турник орнатып берді. Бейбіт күн сайын тур-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             никке тартылып, ақырында ұршықтай айналатын болды.
             Де нешынықтыру,  спортпен  айналысу  Бейбіттің  бұлжымас
             әдетіне айналды.
                 Жаз мезгілінде спортқа әуес бір топ ауыл  балалары бокс

             үйірмесіне қатысатын. Бокстасамын деп жүріп өзінен үлкен
             балалардан таяқ жеп қалған кездері де болды. Бірақ Бейбіт
             алған бетінен қайтпады, бокс өнеріне деген ынта-ықыласы
             арта түсті.



 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
          166
   163   164   165   166   167   168   169   170   171   172   173