Page 173 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 173
special.edu.kz.
special.edu.kz.
4. Мәтінді түсініп оқы. Атаның ұлағатты сөздерін жаз. special.edu.kz.
Ақын Абай
Бірнеше жылдар өтті. Абай үшін бұл еңбек мезгілі, өнер
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
іздеу дәурені болған.
Бұл күндегі Абай ақын атағын анық алған. Сол ақындық
еңбегін енді халыққа өтер азамат қарызы деп біледі. Өмір-
ден, көп кітаптан тапқан сан салалы күйлер, ойлар енді-
гі шақта өз өлшеуін тауып, ақынның сан жырларына ара-
ласқан-ды. Қыс пен жазды кітап соңында, не жазу үстінде
өткізген шақтарын Абай ең бір бақытты кезіндей санайды.
Бұл жылдарда ол, ел бүлігі атқамінерді, болыс, ұлықсы-
мақты сан рет әділ ашумен жазалаған-ды. Жазықсыз, мо-
мын көптің жоқшысы болған арлы ақын, бейнет елінің ауыр
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
шерін де шіміркене шерткен-ді. Талай саналы жасқа ой са-
ларлық шыншыл сезімді көркем сөздер сан рет Ақшоқыда
туып, тарап кететін. Абай айналасына жиылған жас өнерпаз-
дар да көп. Абай ендігі шығарған өлеңдерін әрдайым жазып
айтады. Сол жазғандарын жаттаушы, әнге салып айтушы,
жұртқа таратушы іні-достары, жаңағы жас серіктерінің ара-
сынан шыға бастаған.
(М. Әуезов)
5. Әңгіменің соңғы бөлімін түсініп оқы. Басын болжа.
Қайсарлық пен адал достыққа куә болған жаудың қол-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
басы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қа-
пыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу
қиынға соғар», – деп түйеді. Екі досты тұтқыннан босатады.
Сөйтіп, өз әскерлеріне бір күнде шегінуге бұйрық берген
екен.
Есте сақта!
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
special.edu.kz. special.edu.kz. 171 special.edu.kz.