Page 177 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 177

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



               3. Есте сақта! Ұғып ал. Көшіріп жаз.                                              special.edu.kz.


                                    Табиғатқа саяхат

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезімі-
        не ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі,

        баға жетпес байлық. Ол ырыс пен мол қазынаның қайнар
        көзі. Дана халқымыз: «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қа-
        жетіңнің табылар содан бәрі» деп бекер айтпаған. Табиғатқа
        саяхатқа шығып, демалу – адамға күш-қуат береді. Денең
        мен ойың сергіп, тынысың ашылып, рақаттанып қаласың.
        Әр кез туған елдің, туған жердің таза ауасымен тыныстап,
        серуендеуді әдетке айналдыр.



                    4. Мәтінді түсініп оқы. Көшіріп жаз.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.

            Майраның атасы мен әжесінің үйіне келгелі үш күннен
        асты.  Ойнайтын  ешкім  жоқ.  Ол қолына  ермексазды  алып,
        ойыншықтар жасай бастады. Алдымен қуыршағына арнап
        қол шелек, одан кейін кесе, табақтар жасай бастады. Ең
        соңынан өзінің күшігі Жолбарысты да бейнеледі.
            – Мынаның бәрін өзің жасадың ба? – деп таңданды атасы

        мен әжесі. – Қайдан үйреніп жүрсің?
            – Мектептен, – деді Майра.
            – Міне, – деді атасы әжесіне қарап, – немереміз қандай
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        шебер! Керегіңді жасатып ал.
            – Е, несі бар? Жасатсам жасатам, – деді әжесі әзілдеп.
            Әжесі Майраға шүберектен қуыршақ жасауды үйретті.
            Жазғы демалысын Майра өте жақсы өткізді. Ол көп нәр-
        се жасауды үйреніп алды.


               Есте сақта!
                                 Өнерлінің қолы алтын,
                                 Өлеңшінің сөзі алтын!



 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                             175       special.edu.kz.
   172   173   174   175   176   177   178   179   180   181   182