Page 183 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 183

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                     Нәтиже сабақ                                                special.edu.kz.

                    1. Мәтінді оқып, түсінгеніңді әңгімеле.

                                         Шаңырақ
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            Қазақ ұғымы бойынша үйлерінің төбесінен Күн сәулесі тө-
        гіліп, қараңғы түндерде тұнық аспанның төріндегі самсаған
        қалың жұлдыз жымыңдай жарық сеуіп тұруы тиіс. Байтақ
        сахара  құшағында  қысылып-қымтырылмай  өскен  халық
        мұны еркіндіктің, кең тыныс алудың белгісі деп біледі.
            Сондықтан ұлы әлемнің бүкіл қасиетін сездіріп тұратын
        шаңырағын айрықша қастерледі, жан-тәнімен қорғады. Қа-
        зақ іргеден гөрі шаңырақты өмірдің тұтқасы, биікке көтеріл-
        ген төбесі деп бағалайды. Мақсат-мұраты да, арман-тілегі
        де шаңырақтың шайқалмай, нық тұруымен қабысып жата-
        ды. Шаңырақтың киесі болады. Сол себепті де шаңырақты
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        қастерлеу – парыз. Ата-ана отырған үй қарашаңырақ деп
        аталады. Бұл ұрпақтар өрбіген құтты ұя саналады.


                    2. Мәтінді оқып, соңында берілген әшекей бұйымдар жайлы
                 ақпараттармен толықтыр.

                                  Зергерлік бұйымдар
            Зергерлік – ерте заманнан келе жатқан өнер. Алтын-кү-
        міс әшекейлі бұйымдарды жасаумен айналысатын адамды
        зергер деп атайды. Қазақ шеберлері әртүрлі зергерлік бұ-
        йымдар жасаған.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            Шолпы – әйел әшекейі, сәнді бұйым. Қазақ арасын-
        да оның түрлері көп. Шолпыны сән-әшекейі ретінде, сон-
        дай-ақ  оның  салмағының  әсерінен  шаш  ұзын болып  өседі
        деп таққан. Мұны байлықтың, баршылықтың белгісі деп те
        санаған. Шолпылардың ел арасында көп тараған мынадай
        түрлері бар: қоңыраулы шолпы, қозалы шолпы, қос үзбелі
        шолпы, көзді шолпы, сағат баулы шолпы, маржанды шолпы.
            Сырға ...
            Моншақ...
            Білезік...                                                                 181


 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   178   179   180   181   182   183   184   185   186   187   188