Page 187 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 187
special.edu.kz.
9. Мәтінді оқы. special.edu.kz. special.edu.kz.
Ертеде ағайындылар өмір сүріпті. Олардың үйлері биік
таудың шыңында екен. Өздері еңбекқор болыпты. Әрқай-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
сысы өзіне жүктелген жұмысты атқарғанда бір-бірінен асып
түсуге тырысатын көрінеді.
Бір күні жұмысқа қызу кірісіп кеткендері сонша, тіпті
өз-өздеріне зиян келтіргендерін сезбей қалыпты.
Тіл жақтауы тамақтың дәмін сезсе, өткір тіс оны майдалап
шайнаған. Ұзын мұрын алыстан иісін сезсе, домалақ көз та-
мақтың тәбет ашатындай әдемілігін көрген. Ал, ұзын құлақ
болса, ыдыс-аяқ сылдырынан тамақ дайындалып жатқанын
естіп, сезіп қоятын. Олардың бәрі бірігіп, адамдарға ортада
өзін қалай ұстау керектігін үйретті. Бұлардың қасында адам
өзінің денсаулығы мықты екендігіне көзі жетіп, өзін бақытты
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
сезінді.
Өз ойыңды жалғастыр.
Бір күні өткір тіс қатты ауырып қалады...
1) Тіс не себепті ауырып қалды деп ойлайсың?
2) Бауырлары тіске қалай көмектесті деп ойлайсың?
3) Тіс енді немен дос болуы керек?
10. Өлеңді түсініп оқы.
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын білуге
special.edu.kz.
special.edu.kz. Көкірегінде болсын көз. special.edu.kz.
(Абай)
11. Халық болжамдары есіңде жүрсін. Көшіріп жаз.
Күн көзін бұлт шалса, қыс қарлы, жаз жаңбырлы болады.
Күн батарда көкжиек қызыл шапақ шашса, ауа райы жылы-
нады. Ай шалқалақтап туса, ауа райы жайсыз болады. Күн
көзі мұнартып шықса, ыстық көтеріледі. Жаз найзағайлы
болса, қыс жұмсақ өтеді. Қазан айында күн күркіресе, қыс
қысқа болады. 185
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.