Page 191 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 191

special.edu.kz.





                 19. Мәтінді оқы.          special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                    Мәтінге жоспар құр.

            Киіз үй – Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі
        баспанасы. Ол – көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге,
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.
            Киіз үй біздің заманымыздан 3 мың жыл бұрын қола
        дәуірінен белгілі. Гоби Алтайындағы, Сібірдегі Баярқия, Қы-
        рымдағы тастарға салған суреттерден көруге болады.
            Көшпенділердің киіз үйі – тарихымыздағы ең бірінші ар-
        хитектуралық құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда
        салқын. Сондықтан шопандар да, туристер де пайдаланады.
        Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен
        бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен ел-
        дерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр. Киіз үй тек
        баспана ғана емес, ол – сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды.
        Киіз үй – қазақтың тұрағы құтты мекенжайы, баспанасы,
        мақтанышы.


                    20. Өлеңді түсініп оқы. Өз ойыңды білдір.
                                Ақ қайың елі жайдары,
                                Сарыарқа – алтын айдары.
                                Абылай ақ үй орнатқан
                                Қазақтың ғажап аймағы.

                    21. Мәтінді оқы.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            Барыс – өте сақ және епті жыртқыш. Түсі көкшіл сұр,
        қара теңбілді шұбар, жүні салалы болады. Барыс көбінесе
        басын мәңгі қар басқан биік тауларда мекендейді. Қар қа-
        лың түскенде ғана төмендеп, орман белдеуіне дейін келеді.
        Барыс ымырт жабыла қорек іздеуге шығады, ашыққан кез-
        де аңды күндіз де аулай береді.
            Барыс қия жартастардағы үңгірлерге күшіктейді. Оны
        бірнеше жыл мекен етеді.

               Тақырып қой.                                                            189

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   186   187   188   189   190   191   192   193   194   195   196