Page 189 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 189

special.edu.kz.
 special.edu.kz.





                    14. Мәтінді түсініп оқы.                                                     special.edu.kz.

                                  Күлмеңіздер кәріге
            Бір кісінің екі баласы болыпты. Бір күні көршілері оған:
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        «Сенің балаларың бір кемпірді мазақ қылды, балаларыңды
        тыйып қой!» – дейді.
            Әкесі балаларына ұрсады, балалары мұнан былай кісіге
        күлмеске уәде береді. Біраз күн өткен соң балалар әкесі-
        не берген уәдесін ұмытып, бір бейшара шалды келемеж
        қылыпты. Мұны әкесі естіп, балаларын шақырып алып айта-

        ды: «Балалар, мен енді мұнан артық өмір сүрер болсам, сен-
        дер секілді бір ақымақ балалар өткендегі шал мен кемпірге
        күлгендерің секілді маған да күлер деп қорқамын».
            Балалары ұялғаннан қызарып, сонан кейін кәрі кісілерге
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        күлмейтін болыпты.
                                                                         (М. Дулатов)
               Мәтін бойынша жоспар құр.


                    15. Мәтінді түсініп оқы. Өз сөзіңмен әңгімеле.

                                  Атасы мен немересі

            Ата қартайып, күші кеміді. Көзі нашар көретін болды,
        құлағы нашар еститін болды. Ішкен  тамағын алдына төгетін
        болды. Өйткені, оның аяқ-қолы кәріліктен қалтыраушы еді.
            Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        шалдың  алдына  жаман  дастарқан  жайып,  тамақты  жаман

        ыдысқа құйып,  бөлек беретін болды. Немересі өзінің  әкесі-
        не «атамды бөлек отырғызба» деуге бата алмады.
            Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі  не жасап отыр-
        ғанын сұрады. Сонда бала: «Ыдыс-аяқ жасап жатырмын.
        Қартайғанда сіздерге тамақ құйып беремін», – деді.
            Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отыр-
        ғызып тамақ беруді қойыпты.
                                                                           (С. Көбеев)


 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                             187       special.edu.kz.
   184   185   186   187   188   189   190   191   192   193   194