Page 193 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 193
special.edu.kz.
special.edu.kz.
24. Түсініп оқы. Қолөнер шеберлері туралы әңгімеле. special.edu.kz.
Халық шеберлері
Сөзге шебер де, іске ұста халқымыздың зор мәдениеті
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
мен өнерін паш ететін құндылықтарының бірі – оның қол-
өнері. Ағаштан, темірден түйін түйген, жүннен көз жауын
алатындай бұйым жасаған, асыл тастардан сән бұйымда-
рын соққан халық шеберлерінің ісі – мақтауға тұратын өнер
туындысы.
Ұста – темірден заттар жасайтын шебер.
Зергер – асыл тастардан, алтын, күмістен әшекейлер жа-
сайтын шебер.
Тігінші – киім тігетін шебер.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Етікші – аяқкиімдер тігетін шебер.
Үйші – киіз үй сүйектерін жасайтын шебер.
Өрімші – қайыстан ат әбзелдерін жасайтын шебер.
Ерші – ер шабатын, шеберлер тілімен айтқанда – «ер қо-
сатын» адам.
Ағаш шебері – ағаштан заттар жасайтын шебер.
Тоқымашы – тоқыма бұйымдарын жасайтын шебер.
25. Жаңылтпашты оқы. Мағынасына мән бер. Жаңылтпаш дұрыс
па? Ши тоқыдым шиеден,
special.edu.kz. Теңіз кештім түйемен. special.edu.kz.
special.edu.kz.
Күйме жасап инеден,
Үй тұрғыздым түймеден.
26. Мақалды оқы. Мағынасын түсіндір.
Киім пішсең, кең піш – тарылтуың оңай,
Темір кессең, қысқа кес – ұзартуың оңай.
special.edu.kz. special.edu.kz. 191 special.edu.kz.