Page 185 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 185

special.edu.kz.
 special.edu.kz.




                    5. Мәтінді түсініп оқы.                                                      special.edu.kz.


            Қазақтар  үйіне  келген  мейманды  таныса  да,  танымаса
        да жылы шыраймен құшақ жая қарсы алады. Өзінің аяулы
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        асын қонағына береді.
            Қонақасы – қонақтың бөлінбеген еншісі болып есептеледі.
        Өте қадірлі қонақтарға тай сойып, қонақасы беріп аттанды-
        рады. Сойылатын малды алдымен қонақтар отырған үйдің
        босағасына әкеліп бата сұрайды. Қонақтар бата жасаған
        соң, мал сойылып, ет асылады. Ет піскенше меймандарға

        кең дастарқан жайылып, дастарқанға құрт, ірімшік, бауыр-
        сақ, жент, сары май қойылып, қаймақтаған шай құйылады,
        шайдан соң, жаздыгүні болса – қымыз, қыстыгүні болса –
        езген құрт беріледі. Осы мезгілде, әдетте, үй иесі жағынан
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        домбыра шертіліп, күй тартылып, ән айтылады.

                                                     («Жыл он екі ай» журналынан.)
               Шағын мәтін жаса.



                    6. Түсініп оқы. Мағынасына мән бер.

                                          Ынтымақ


            Үйдегі шаңсорғыш пен сыпырғыштың ауызбіршілік ын-
        тымағына көргендердің көздері тояды. Шаңсорғыш кілем,
        паластарды шаңнан тазаласа, сыпырғыш едендегі қоқыс,
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        қиқымдарды сыпырды.
            Араларында алауыздық деген атымен жоқ.
            «Қалай тату-тәтті тұрасыңдар?» – дегендерге: «Бәрі ие-
        міздің тәрбиесінен», – деп жауап береді олар.



                 1) «Ынтымақ» деген не?
                 2) «Ауызбіршілік» деген ше?
                 3) «Алауыздық» дегенді қалай түсінесің?




 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                             183       special.edu.kz.
   180   181   182   183   184   185   186   187   188   189   190