Page 67 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 67
special.edu.kz.
special.edu.kz.
ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ special.edu.kz.
Қос сөздер
Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айты-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
луынан жасалған сөздерді қос сөз деп атайды.
Қос сөздер екі түрлі болады: қайталама қос сөз
және қосарлама қос сөздер. Мысалы: Жан-жануар,
адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер Күннің көзі.
1. Мәтінді оқы.
Табиғат дегенде, біз жер, аспан, су, өсімдіктер, жан-жану-
арлар, ауа, от, Күн, жылу, ай, өзен-көлдер, тауларды көз ал-
дымызға елестетеміз. Бұлар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды.
Адам да табиғатта өмір сүреді. Өз өміріне қажетті заттарды
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
осы Табиғат-анадан алады. Суды өз өміріміз үшін қолдана-
мыз. Күн бізге жылу, жарық береді. Өсімдіктер бізге таза
ауа бөліп шығарады. Яғни, табиғаттағы әр заттың өз орны,
өз маңызы бар.
Қос сөздерді тауып, емлесін есте сақта.
2. Сурет бойынша қос сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрап
жаз.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
3. Сөйлемдерді оқып, көшіріп жаз.
1. Қазы-қарта, жал-жая қазанда бұрқ-бұрқ қайнады. 2. Са-
райдың есігін ашып еді, еденде тыпыр-тыпыр етіп жатқан әл-
дебір құсты көрді. 3. Арбамыз толған азық-түлік, киім-кешек,
құрал-сайман еді. 4. Бақа шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаны
тілімен қағып жейді. 5. Жарқ-жұрқ етіп найзағай жарқылда-
ды. 6. Бүгін-ертең ауылда үлкен той өтеді деп күтілуде. 65
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.