Page 70 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 70

special.edu.kz.
 special.edu.kz.




                           11. Мәтінді түсініп оқы. Қос сөздерді тап.                            special.edu.kz.

                                                 Ертегі
                 Бірде көк жүзінде сайран құрған Күн шаршап, алтын
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             маңдайының терін сүртеді де, былай дейді:
                 – Уһ, неткен ыстық еді?! Шөлдеп кеттім ғой! Су! Су ішкім
             келеді!
                 – Жарқырауық, сенің су ішкің келеді ғой? Тек сен теңіздер
             мен мұхиттарды қаттырақ қыздыр. Сол кезде олардың суы
             буланып, жеңіл ауамен жоғары көтеріледі. Мұндайда мен де
             қарап отырмай, көмекке келермін, – дейді Жел.
                 Мұнан әрі Күн іске қызу кірісіп, теңіздер мен мұхиттарды
             қыздыра бастайды. Кешікпей-ақ көк жүзінде судың көзге
             көрінбес ұсақ түйіршіктері көтеріледі. Олар шырқау биік-
             ке көтерілген соң, тұман буына айналады. Сөйтіп, орман-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             тоғайдың үстін бұлт болып жабады.
                 Ал мың сан бу түйіршіктеріне де керегі сол. Жел көтерген
             бу түйіршіктері біріне-бірі қосыла үлкен тамшыға айналады
             да, бұлттан үзіліп түсіп, жерге қарай зулай жөнеледі. Оның
             соңынан дәл сондай миллион тамшы құлдырай құйылады.
             Бәрі қосылып нөсер жаңбырға айналады.

                                                («Негеш» балалар энциклопедиясынан.)
                           12. Мәтінді оқып, қос сөздерді теріп жаз.


                 Қоспанның бетін шымырлатып, аяз қарып өтті. Ышқына
             соққан зәрлі жел ауаны осып-осып жіберді де, ішін тартып
             жел жағындағылары ұйлығып кеп лықсытып итеріп әкетті.  special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
             тына қалды. Тыныш жатқан малдың ұйқысы бұзылып, өре
             тұрды. Қоспанның да көңілі мұздап қоя берді. Бұрқыраған
             қарлы боран қаптап келеді. Жел қатая түсті. Алды өр сияқ-
             ты. Аумағы көрінбейді. Қойдың алды тоқырап қалып еді,


             Қоспан жер шамасын болжамаққа атына мініп, ілгері жүрді.
             Еш нәрсені көре алмай, ой-шұңқырды аттың тұяғымен ғана
             өлшейді. Алды арқан бойы сұрғылт  тартып, ар жағы теңсел-
             ген қара түнекке тіреледі.
                                                                               (Т. Ахтанов)
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
          68
   65   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75