Page 71 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 71
special.edu.kz.
special.edu.kz.
13. Мәтінді түсініп оқы. Тұманның түрлерін ата. special.edu.kz.
Тұман – атмосфераның жерге таяу қабатына ұсақ су
тамшыларының немесе мұз кристалдарының жиналуы. Тұ-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
мандағы көріну қашықтығы оны құраушы түйіршік мөлшері-
не және су жиынтығының шамасына байланысты. Тұман
көлік қатынасына үлкен бөгет жасайды. Ғылыми-зерттеу
жұмыстарында, химиялық өндірісте, жылу техникасында,
әскери істе жасанды тұман пайдаланылады.
14. Өлеңді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздерді түрлері-
не қарай ажырат.
Көшеді бұлттар
Көшеді бұлттар, көшеді бұлттар, көшеді,
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Қоштасар қимай көк аспан – өлең-төсегі.
Көшеді бұлттар көкжиектерді бетке алып,
Көшеді бұлттар, көшпелі ғұмыр кешеді.
Көшеді бұлттар, көшеді бұлттар жөңкіле,
Көшкен бір зулап қап-қара бұлттар дерті не?
Көшеді алыс, асықты қайда, білмеймін,
Көшеді бұлттар қоймастай Тәңір еркіне...
Көшеді бұлттар жұлдыздар сынды үзілген,
Көшеді бұлттар сағым боп елес түзілген.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Көшеді, әне, аттанып суыт бейуақта,
Келте бір ғұмыр танытып кейпін жүзінен.
Көшеді бұлттар, ызыңдап жел де еседі,
Көшеді бұлттар қайтқан бір жандай меселі.
Аңғартып мынау жанталас тірлік жалғанын,
Қашқандай болып қоп-қою бұлттар көшеді...
(Ғ. Әріп)
special.edu.kz. special.edu.kz. 69 special.edu.kz.