Page 120 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 120
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Мен емес, шеге жыртты special.edu.kz.
Еркін бесінші сыныпқа көшті. Ол сабақты жақсы оқи-
ды. Оқу жылының соңында Еркінге үлгілі тәртібі үшін үздік
оқушы деп мақтау қағаз берілді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Қуанған ол мақтау қағазын үйіне асығып алып келді.
Жеткенше қарап-қарап қолына ұстап барды. Мақтау қағазы
Еркін үшін қымбат еді.
Үйге келген Еркінді кішкене қарындасы Әнтай қарсы
алды.
Әнтай:
– Мына мақтау қағазы маған ба? Бере тұр, көрейін? –
деп қызығып айтты.
Еркін:
– Жоқ, саған беруге болмайды. Кірлетесің, – деп, бұрышта
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
тұрған кітап сөресіне қарады. Мақтау қағазын Әнтайдың
қолы жетпейтіндей жерге қойды.
Біраздан соң Еркін мақтау қағазын алды да, төсегінің бас
жағындағы шегеге жапсырып қойды.
Ондағы ойы – «жұмыстан келген бетте мамам көрсін» бо-
латын. Еркін бұдан кейін далаға шығып кетті.
Әнтай ойыншықтары жиналған бұрышта отырды. Ол Ер-
кін шыға сала орындықты қойып, жапсырулы тұрған мақтау
қағазын жұлып алды. Мақтау қағазының жапсырып қойған
шеттері жыртылып қалды.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Әнтай бұлай боларын ойламап та еді. Қағазды жерге тас-
тай сала қаша жөнелді.
Еркін үйге кірді. Жаңа ғана жапсырып қойған мақтау
қағаздың жоқ екенін байқады. Жүрегі су* ете қалды. Қара-
са, мақтау қағазы жерде жатыр. Көңіл күйі бірден түсіп кетті.
Шеті жұлым-жұлым!.. Еркін жүгіріп далаға шықты. Ән-
тайды іздеді.
– Әнтай! Әнтай! – деп еді, ешкім үн* қатпады.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
118