Page 123 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 123
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Зеректік* special.edu.kz.
Шоқанға парсы тіліндегі кітаптардан оқытты. Оның білім
өрісін* кеңейте түсуде. Әжесі айтатын «Байлық та, бақыт та
тұрақты емес. Ең тұрақты қасиет қасиет – ол өнер-білім».
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Шоқан осы сөздерді өзінің күнделік дәптеріне жазып қойған.
Шоқанның күзден бергі оқуға деген ықыласына Әубә-
кірдің өзі де іштей таңданатын*. Ол тек жай оқып қоймайды.
Оқыған кітабының уақиғасын талдайды. Түпкі мәнін білуге
ізденеді.
Шоқанды аса қызықтырған – Жами ақынның «Ескендір-
нама» өлеңі.
– Оны сіз оқып па едіңіз? – деді.
Әже:
– Қарағым, оны неге сұрадың?
– Әже, Ескендірдің шешесі ақылды болған екен. Ескендірді
ең үлкен данышпан ғалымның қолына беріп оқытыпты. Сол
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
оқу-білімінің арқасында бар әлемді билемек болыпты. Үлкен
жорық* жасапты, – деп, Шоқан әжесінің бетіне қарады.
– Қарағым, ол дастанды мен оқығанмын. Сен де жақсы
түсініпсің. Білімділік жақсы мансапқорлық жаман емес пе?
Ол әлемді жаулап алам деді ғой. Сөйтіп өз озбырлығынан
апатқа ұшырады ғой, – деп, әжесі сөзін аяқтады.
Шоқан ойланып қалды.
(С. Бегалин)
зеректік – ақылды, ынта білім өрісі – білім деңгейі
таңданатын – таңғалатын жорық – шабуылға аттану
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
1. Шоқан қай тілде көп кітап оқыған? Әжесі оған не деп айта-
тын?
2. Шоқанға Әубәкір неге таңданды? Шоқан қалай оқитын?
3. Шоқанды не қызықтырды? Ол әжесінен не деп сұрады?
4. Әжесі не деп жауап берді? Шоқан не айтты?
5. Ескендір қайда оқитын? Әжесі не деп сөзін аяқтады?
Шоқан туралы оқы. Жами ақынның «Ескендірнама» өлеңі
туралы әжесі екеуінің әңгімесін айт.
Шоқанды не қызықтырғанын тауып оқы. Айтып бер.
Әжесі мен Шоқанның арасындағы әңгімені оқы. Шоқан не істе-
генін айтып бер. 121
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.