Page 125 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 125
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Партизан қызы special.edu.kz.
(үзінді)
І
Соғыстың басталуы
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
1941 жылдың июнь айы. Батальон штабындағы телефон
шыр ете түсті.
– Сізді тыңдап тұрған – кезекші кіші летейнант А. Әділов, –
деді. Сөйлесіп болған лейтенант бозарып трубканы орнына
қойды.
– Герман фашистері соғыс бастапты. Роталар тез арада
жауға тойтарыс* беруге дайын болсын! Қосымша бұйрықты
батальон командирінен күтсін, – деді Жылыбек.
Бір сәт Жылыбектің ойына Жамал түсті. Оны Қазақстан-
нан осы бөлімшеге әкелген еді. Енді не болар екен?..
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Жау әскерлері Брест қаласында. Жақын маңдағы бар-
лық әскери бөлімшелерді талқандады.
Жаумен аянбай соғысқан совет әскерінің қатары азай-
ды. Соғысып жүріп партизан отрядтарын құра бастады.
Партизандардың мақсаты – жау тылында фашистерге
қарсы бітіспес күрес ашу. Алдымен жаудың қару таситын
эшелондарын* басып алуды мақсат етті.
Партизандар көп ұзамай жорыққа шықты. 15 км жердегі
теміржолдың бойына тоқтады. Теміржолға мина қойды. Өз-
дері орманның шетіне шықты.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Зарецкий мен Жылыбек жауды аңдып жатты.
Жылыбек биіктен дүрбімен қарап отырды.
Жақында партизандар отрядына деревнядан бір шал
келді. Ол Жылыбектің қазақ екенін білді. Ол кемпірімен бір-
ге үйлеріне Жамал есімді әйелдің келгенін айтты. Жамалдың
солардың үйлерінде босанғанын айтты.
Жылыбек дүниеге келген баланың өзінің қызы Мая екенін
түсінеді.
special.edu.kz. special.edu.kz. 123 special.edu.kz.