Page 153 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 153
special.edu.kz.
special.edu.kz.
ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ special.edu.kz.
Михаил Юрьевич Лермонтов
(1814 – 1841)
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Михаил Юрьевич Лермонтов – орыс ақы-
ны. 1814 жылы Мәскеу қаласында дүниеге
келген. Мәскеу ақсүйектер пансионында*
тәрбиеленді. Тұңғыш өлеңдері мен поэма-
ларын пансионда оқып жүргенде жазған.
М. Ю. Лермонтов орыс әдебиетінде Пуш-
киннің ізбасары* ретінде танылды. 1837ж.
А. С. Пушкин қаза болғанда «Ақын қазасы»
атты өлеңін жазды. Сол үшін қамауға алынып, Кавказға жер
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
аударылды. Осы жерде ол «Черкестер», «Кавказ тұтқыны»
атты поэмаларын жазды. Ақынның қысқа өмірінде «Боро-
дина», «Ақ желкен», «Қыс», «Теректің сыйлары», «Қанжар»,
«Көңілдің күйі» атты өлеңдері жарық көрді.
М. Ю. Лермонтовтың есімі қазақ халқына Абай арқылы
танылды. Абай Лермонтовтың көптеген өлеңдерін аударды.
Оның «Қараңғы түнде...» деген тамаша жыры Абай аударма-
сы арқылы бүкіл қазақ еліне танымал әнге айналды.
ізбасар – шәкірті, ісін жалғастырушы
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
1. М. Ю. Лермонтов қай жерде, қай қалада дүниеге келген?
2. Қай жерде тәрбиеленді?
3. Тұңғыш өлеңі қалай аталады?
4. М. Ю. Лермонтов кімнің ізбасары?
5. А .С. Пушкин қаза болғанда қандай өлең жазды?
6. М. Ю. Лермонтовтың өлеңдерін қазақтың қай ақыны аударды?
special.edu.kz. special.edu.kz. 151 special.edu.kz.