Page 148 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 148

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                                  Отан                                           special.edu.kz.
                             Біздер үшін Отан жалғыз,
                             Ту жалғыз.
                             Қорғамасақ несіне ұл боп туғанбыз?!
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.             Кіндігіміз* осы жерде кесіліп,                                      special.edu.kz.


                             Ит көйлекті* осы жерде жуғанбыз.

                             Туған елге тірек болу ерге сын*,

                             Құлдықты* енді Құдай басқа бермесін.


                             Атаң өлсе, өзің ата боларсың,
                             Ешқашан да Отан өле көрмесін!


                             Отанменен аспандағы Күн егіз,
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.             Екеуінің амандығын тілеңіз.                                         special.edu.kz.


                             Жас азамат, бұл Отанның қадірін
                             Отансыз боп көрген біздер білеміз!



                             Керек қылса жолында оның құрбанбыз*,
                             Бәріне де белді бекем* буғанбыз.


                             Бір кеудеге екі жүрек сыймайды,
                             Қазақ үшін – Отан жалғыз, Ту жалғыз!
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                                                                                         (Н. Айтов)


                      ерге сын – ер баланың міндеті
                      кіндік осы жерде кесілген – осы жерде туылған
                      ит көйлек – баланың ең бірінші көйлегі
                      құлдықты – ақысыз жұмыс еңбек
                      күңіреніп – мұңайып
                      құрбанбыз – соның жолында өлу
                      белді бекем буу – шешім қабылдау



 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
          146
   143   144   145   146   147   148   149   150   151   152   153