Page 145 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 145
special.edu.kz.
special.edu.kz.
ІІ special.edu.kz.
Арада үш-төрт күн өтті.
Ерік шыдамай өзі доп ойнайтын алаңға айналып келді.
Ол бірден қақпаға тұрды. Ешкіммен таласпады да. Ешкім-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
мен ұрсыспады да.
Жаз біткенше барлық ойында Ерік қақпашы болды.
Зымырап жаз да өтті.
Күз келді. Барлық балалар сабаққа барды.
Бір күні мектепте ауданнан хабарлама келді. Футболдан
жарыс өтеді деп. Аудандық жарысқа мектептің жақсы ойын-
шыларын таңдай бастады.
Мектепте апта сайын футболдан іріктеу жарыстары өтіп
жатты. Ойыншылар жарысқа қызу дайындық үстінде. Күнде
Құралбек, Жанат тағы басқа балалар ойнауда. Командаға
іріктеу осылай өтті.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Мектептің «Қайрат» құрамына ауыл командасынан тек
Ерікті қабылдады.
Ерік үшін бұл ерекше күн болды. Ол қатты қуанды. Ол
өзіне артылған жауапкершілікті сезінгендей болды. Іріктеу
жарыстары аяқталды. Команда құрамына алынатын ойын-
шылар тізімі белгілі болды.
Ауданға аттанатын күн де жетті. Ерік бұл күнді асыға күтті.
Ойын басталды. «Қайрат» командасы жақсы ойын көр-
сетуде. «Қайрат» командасының қақпасына доп дарыма-
ды. Ерік өзінің шебер қақпашы екенін дәлелдеді. Ол бірден
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
қақпаға келген допты қағып тұрды.
Ерік сол жарыста «Үздік қақпашы» деген атақты жеңіп
алды. Алаңдағы балалар үшін бұл күтпеген жайт еді.
Ойын аяқталды. Аудандағы жарыстан «Қайрат» коман-
дасы жетістікпен оралды. Мектеп әкімшілігі команданы
жеңісімен құттықтады. «Үздік қақпашы» деп марапатталған
Ерікті ерекше құттықтады.
special.edu.kz. special.edu.kz. 143 special.edu.kz.