Page 141 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 141
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Қарлығаштың ұясы special.edu.kz.
Ағаштың басында балшықтан өрілген қарлығаштың ұясы
тұр.
«Ұядағы қарлығаштың балапандарын көрсек қайтеді?» –
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
деген ой келді көрші қызға. Әп-сәтте ол баспалдақты қойып
көтеріле бастады.
Гүлжамал айтып та, ойланып та үлгермеді. Көрші қыз,
қолымен ұяны қағып жіберді. Қарлығаштың ұясы қақ бөлініп
жерге түсті. Үш сары ауыз* балапан жерде жатты.
Сырт көзге ұя үлкен адамның уысындай көрінеді. Іші
толған жұн жұрқа* екен.
Осы сәтте көршінің қызы қорыққанынан қашты да кетті.
Гүлжамал бір сәтте ұясынан құлаған балапандарға не
көмек берерін білмей сасып қалды.
Сол ортада екі қарлығаш та сарайға ұшып кірді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Қарлығаштың біреуі бөлмеде қалды. Екіншісі ізінше кері
ұшып кетті. Сәл уақыттан соң, бір топ қарлығашты ілестіріп
келді.
Құстар мұншалықты ұйымшыл болар ма? Қолға түскен
қарақшы* қызды ортаға алып, қанаттарымен сабалап жүр.
«Біздің тыныштығымызды бұзған қандай әдепсіз бала едің?
Сен де ұлы адамзаттың* ұрпағымын дейсің-ау» деп қар-
лығаштар кінәләп сөгетіндей көрінді.
Қызының ойбайлаған дауысын естіп анасы сарайға кірді.
Анасы түсінбей қалды. Қарлығаштарды үркіте бастады. Осы
кезде қарлығаштар пыр-пыр етіп бөлмеден ұшып кетті.
– Ау, қызым, мұның не? – Жерге түскен ұяны көріп, анасы
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Гүлжамалға қатты ренжіді.
– Апа, менің жазығым жоқ, – деп жылап жіберді қызы.
Екі көзі боталап, шырқырап ақталса да, жазасын алды.
Анасы:
– Енді көр де тұр, қарлығаш сенің үйіңе ұя салмайды, –
деп сөйледі. Ұяны құрастырды.
Сөйтті де, үш балапанды жерден алып, құрастырған ұяға
салды.
Оны алып, сарайдың биік жеріне ілді.
special.edu.kz. special.edu.kz. 139 special.edu.kz.