Page 138 - Оқу және тіл дамыту_8 сынып_УМК
P. 138
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Алтын тостаған іздеу special.edu.kz.
(үзінді)
ІІ
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Түсінесің бе, Саша, біз Аспара екеуміз қазына іздедік.
Алтын тостағанды іздедік. Міне, болғаны осы, – деді Бату. –
Тек миым ауысып кеткен екен деп ойлама.
Саша терлеген маңдайын сүртті. Ал керек болса.
– Тоқта, Данадан хабарлама келді. «Қазір келемін» деп
жазды, – деді Саша.
Көше басынан Дана да көрінді.
– Мен сені Алтын адам – Аспарамен міндетті түрде таныс-
тырамын. Жылан патшасын да көресің, – деп Бату Сашаны
таңғалдырды.
– Сонда айтып бергеніңнің барлығы шын болғаны ма? –
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
деп сұрады Саша.
– Ғажап! Жұрттың жолы болғыш. Мен-ақ барлығынан құр
қалып жүремін, – деп мұңайды Саша.
– Қорықпа, Саша. Әлі талай оқиға болады. Бәрімізге де
жетеді, – деп Сашаның иығынан қағып қойды.
– Сәлем! – Көгілдір спорттық костюмін киген Дана роли-
гімен қаздай қалқып* кеп екі ұлдың жанына тоқтай қалды.
Бату мен Саша орындарынан атып тұрды.
Бату:
– Сәлем, Дана! Кешегі үшін үйде қатты ұрысты ма?
– Жоқ, онша емес,– деді Дана.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Бату:
– Сонымен сен әке-шешеңе не айттың?
Дана:
– Әжемдікінде болдым, – деп айттым.
Саша:
– Есің дұрыс па, сенің әжең былтыр қайтыс болды ғой.
Дана:
– Мен шынында да әжемдікінде болдым, – деді Сашаның
сенбегеніне өкпелеп.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
136